20 Қар 2020
Жаңалықтар

«Сенсорика әлеміне саяхат»

І кіші «Балапан» тобының   тәрбиешісі  Өрбісін  Қасиет  Хамидоллақызы  балалардың сенсорлық тәрбиесі жөнінде ата-аналардың ойларын кеңейту және нығайту мақсатында «Сенсорика әлеміне саяхат»  тақырыбында  семинар – практикум өткізді.

 Семинар ойын түрде жүргізілді, тәрбиеші ата-аналардың педагогикалық тәжірибесін белсендіріп, балалардың сенсорлық дамуына ықпал ететін дидактикалық ойындарымен таныстырды.