06 Желт 2022
Жаңалықтар

“Кітап - біздің досымыз” апталығы өтті

№17 бөбекжай - бақшада “ Кітап -біздің досымыз” апталығы өтті. Апталық барысында кітаптың шығу тарихымен таныстыру, көркем әдебиет шығармаларын оқу, қуыршақ театры, сахналау, ертегі кейіпкерлерін бейнелеу, мүсіндеу жұмыстары, кітаптарды жөндеу, кітапханаға саяхат, дидактикалық ойындар өткізу т.б жұмыс түрлері ұйымдастырылды.