№17 бөбекжай – бақшасында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған «Елін сүйген Елбасы» тақырыбында ертеңгілік, ашық тақырыптық ұйымдастырылған оқу қызметтері өтті.
Шаралардың мақсаты – болашақ ұрпаққа елімізге еңсе тіктетіп, мемлекетімізді мығымдап берген, халқымызды әлемге танытып, алаш баласының абыройын асқақтатқан елбасының кісілік келбетін таныту. Балаларды Отанын, халқын, жерін сүюге, батылдыққа, азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу.